«Мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуында ойын алаңдарын пайдалану» атты дөңгелек үстел ұйымдастыруға дайындық жұмысы басталды.
Интеллектум ойындарын
«Күншуақ» тобы тәрбиешісі Иркитбаева Зәуреш Мейрбековна✔️
«Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Нургалиева Асель Камидуллаевна✔️
«Болашақ» тобының тәрбиешісі Жумабекова Салтанат Кабылгазыевна презентация жасады✔️
Луллия шеңбері бойынша көрнекіліктер мен дидактикалық ойындарды «Көбелек» тобының тәрбиешісі Бекеева Назерке Абдуалиевна таныстырды✔️
№72 «Жанарым» балабақшасында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуында ойын алаңдарын пайдалану» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Басты мақсаты Балалардың ойлау қабілетін дамытуда заманауи логикалық ойындар түрін жан жақты қолдану болып табылады. Аталған іс-шараға Білім секторына жауапты №42 «Бәйшешек» балабақша меңгерушісі Махмутова Ж. Ж., №72 «Жанарым» балабақша меңгерушісі Әділбайқызы Ә. және де барлық сектор құрамына кіретін балабақшалар меңгерушілері қатысты. Аталған дөңгелек үстелде балабақшада ашылған Интеллектум кабинеті жұмысы мен ойын түрлері таныстырылды. Интеллектум ойындары баланың ой өрісін дамытып, тез шешім қабылдауға, шапшаңдыққа баулиды сонымен қатар зерек болып өсуіне ықпал етеді, балалардың визуалды қабылдау, яғни заттың түсін, пішінін , мөлшерін, көлемін, бағытын үйрететіндігі туралы ақпарат берілді.
Балабақшамызда инновациялық «Луллия шеңбері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту» атты эксперимент алаңы жұмысына сәйкес Луллия шеңберінен құралған дидактикалық ойындар мен көрнекіліктер таныстырылды. Луллия шеңбері баланың жас ерекшеліктеріне сай жасалады. Шеңбер 4,6,8 бөлікке бөлініп оларға суреттер, сөздер, буын, сандар мен сөйлемдерр жазылады. Әр бала өзіне қойылған сұраққа Луллия шеңберін айналдыра отырып жауабын тез таба алатындығы, баланың сөйлеу қабілетін дамытуда таптырмас құрал екендігі туралы ақпарат берілді.