ЖАҢА ӨЗГЕРІС‼️
Жаңа оқу жылының өзгерістерімен толықтырулары жайында балабақшамызда,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің п.ғ.к. профессоры
Жұмабекова Фатима Ниязбекқызымен кездесу ұйымдастырған болатынбыз
Кездесу барысында:
Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру мазмұнына байланысты,өзгерістер мен жаңалықтар және толықтырулар.
Нормативтік құжаттардағы өзгерістер жайында жан-жақты талдау жасалды
Соның ішінде перспективтік планды қалай жазу керек?!
Оның міндеттері қалай қойылған?!
Циклограмма жазудың формасы?!
Сонымен қатар тәрбиеші педагог оқу іс-әрекет ұйымдастырудағы бағыт бағдарлары жөнінде айтылды
Жалпы тәрбиешілерге қойылатын талаптар және тәрбиешінің жаңа бағытта ұйымдастыратын оқу іс-әрекеттерінің түрлері жайында жан-жақты ақпарат берілді‼️
Тәрбиеші педагогтарымызға бұл кездесу құнды ақпараттарға толы және пайдалы кездесу болды деп есептейміз‼️
Осы орайда:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің п.ғ.к. профессоры
Жұмабекова Фатима Ниязбекқызына алғысымызды білдіреміз