Тақырыбы: “Әдеп пен әдет”
Мақсаты: Әдептілік- адам бойындағы жағымды қасиет. Адамдардың мінез- құлқына қойылатын этикалық нормалардың дамуына бағыт беру.
Әдептілік -әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы. ( Әбу Насыр Әл-Фараби)
Тәрбиесіз берген білім- адамзаттың қас жауы. Әдептілік барысы мәдени дағдының қалыптасуына тікелей байланысты. Балабақшамызда қызметкерлер арасында “Әдеп пен әдет тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында педагогикалық жағдайлар шешілді. Тренинг өткізілді. Логикалық ойындар ойнатылып, әріптестерімізді бір-бірімен тығыз байланысу, түсіністікпен қарау әдеттері қалыптастырылды. Әдеп және әдет тәрбие мақал-мәтелдер айтылып, іс-шара қортындыланды.