«Тәуелсіз елдің бақытты балалары» атты қалалық семинар өтті
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің №72 «Жанарым» балабақшасында «Тәуелсіз елдің бақытты балалары» тақырыбында республика күніне орай қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты - Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәрбиелеу, салт-дәстүрді бойларына сіңіру арқылы білімдерін кеңейту, дүние танымын, ой-өрісін дамыту.
Семинарда №44 «Үркер» балабақшасы, № 51 «Алтын сандық» балабақшасы, № 13 «Тұлпар» балабақшалары өздерінің біртұтас тәрбие қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдарын таныстырып, тәуелсіз Қазақстандағы балалардың құқығын қорғау және олардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл семинар Қазақстанның болашағы саналатын балаларымыздың тәрбиесі мен құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Семинарға қатысуға мектепке дейінгі мекеме меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері мен білім беру саласының мамандары шақырылды.