Педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы аясында «Баланы мектепке бейімдеу» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру және мектепке бейімделу үдерісін жеңілдету жолдарын талқылау.
Іс-шараға №80 және №65 орта мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 4-сынып мұғалімдері, сондай-ақ 89 “Қыз Жібек”, 58 “Өркен”, 85 “ Мейіржан” және жекеменшік “Алтын адам-2 “ балабақшаларының тәрбиешілері қатысты.
Олар мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім арасындағы сабақтастықты дамыту, балалардың жаңа ортаға бейімделуін жеңілдету және оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша өзара тәжірибе алмасып дөңгелек үстелде талқылаулар жүргізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өзара тиімді тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай семинарлар педагогикалық қоғамдастықтың арасында тығыз байланыс орнатуға және балалардың білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
"Інжу" мектепалды тобының тәрбиешісі Г. М. Мухамеджанова «Әжеме арналған қамзол» атты баланың шығармашылығын арттыруға арналған шебер сынып көрсетті