ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

Педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы аясында «Баланы мектепке бейімдеу» атты семинар ұйымдастырылды.

Педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы аясында «Баланы мектепке бейімдеу» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру және мектепке бейімделу үдерісін жеңілдету жолдарын талқылау.

Іс-шараға №80 және №65 орта мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 4-сынып мұғалімдері, сондай-ақ 89 “Қыз Жібек”, 58 “Өркен”, 85 “ Мейіржан” және жекеменшік “Алтын адам-2 “ балабақшаларының тәрбиешілері қатысты.
Олар мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім арасындағы сабақтастықты дамыту, балалардың жаңа ортаға бейімделуін жеңілдету және оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша өзара тәжірибе алмасып дөңгелек үстелде талқылаулар жүргізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өзара тиімді тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай семинарлар педагогикалық қоғамдастықтың арасында тығыз байланыс орнатуға және балалардың білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

"Көбелек" мектепалды тобының тәрбиешілері Н.Ә. Бекеева мен Д. Т. Тойбазарова балалармен бірге «Математикалық ойындар» атты баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін арттыру бағытталған ойындар жиынын көрсетті.

474174923_18176993977312041_2576290701623482404_n
474522745_18176993980312041_6209047485308391908_n
474573612_18176993983312041_282343378329346412_n
474768426_18176993956312041_7697262726455630991_n
Дизайн және әзірлеу SemStar