ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

Балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған “Ертегілер елі” Сарыарқа аудандық байқауында балабақшамыздың “Көбелек” тобының тәрбиеленушілері жоғары жетістікке жетті!

Балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған “Ертегілер елі” Сарыарқа аудандық байқауында балабақшамыздың “Көбелек” тобының тәрбиеленушілері жоғары жетістікке жетті! Олар “Алдар Көсе мен Бай” ертегісін қойылым ретінде сахналап, өз өнерлерін тамаша көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Бұл жеңіс – бүлдіршіндердің таланты мен тәрбиешісі Назерке Абдуаліқызының және балабақшамыздың музыка жетекшісі Айгерім Жанасылқызының еңбегінің нәтижесі. Қойылым барысында балалар қазақтың халық ертегісін көрермендерге әсерлі жеткізіп, кейіпкерлердің бейнесін шебер сахналап шықты. Балалардың өз рөлдерін сенімді ойнап, көрермендерді ертегінің сиқырлы әлеміне жетелей білуі әділқазылардың жоғары бағасына ие болды.

“Көбелек” тобының бүлдіршіндерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!

WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.33 (2)
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.31
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.32 (1)
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.32 (2)
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.32
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.33 (1)
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.33 (3)
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.33
WhatsApp Image 2025-02-20 at 21.08.34
Дизайн және әзірлеу SemStar