«Жанарым» балабақшасы – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты
2025 жылғы сәуір айында еліміз бойынша өткізілген «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына «Жанарым» балабақшасының ұжымы белсене қатысты.
Аталған іс-шара аясында балабақша аумағында сенбілік ұйымдастырылып, аула тазартылып, гүлзарлар мен жасыл желектерге күтім жасалды. Акция мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру. «Жанарым» балабақшасы ұжымы мұндай игі бастамаларға алдағы уақытта да белсене қатысатын болады.