ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

Күн тәртібінің ең маңызды бөлігі — баланы таңғы қабылдау сәтінен жас мамандарға арнап шебер сынып ұйымдастырды

Балабақша — баланың екінші үйі, ал тәрбиеші — оның сенімді серігі мен қамқоршысы. Бүгін «Інжу» мектепалдытобының тәрбиешісі Мухамеджанова Гүлмира Муслимовна күн тәртібінің ең маңызды бөлігі — баланы таңғы қабылдау сәтінен жас мамандарға арнап шебер сынып ұйымдастырды.
Тәрбиеші әрбір баланы жылы жүзбен, мейірімді көзқараспен, есіктен кірген сәттен ерекше ықыласпен қарсы алды.Бұл сәтте ата-анамен де тығыз байланыс орнатып, баланың денсаулығы мен эмоционалды күйі туралы ақпарат алмасты. Таңғы қабылдау сәтінде Гүлмира Муслимовна балалардың көңіл күйін көтеріп аз қимылды сергіту ойындарын ойнатты. Балалар бір-бірімен етене жақын араласып, ұжымдық қарым-қатынасқа еркін еніп, белсенділік танытты. 
     Ұлттық тәрбиені бойына сіңіру мақсатында Гүлмира Муслимовна балалармен қазақтың озық ұлттық ойындарын да ойнатты. Әрбір ойын сәті баланың жан дүниесіне қуаныш сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін оятты.
Бұл шебер сынып жас тәрбиешілер үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Гүлмира Муслимовна баламен дұрыс қарым-қатынас орнатудың, көңілді әрі мазмұнды күннің бастамасын жасаудың шебер үлгісін көрсетті. Осындай мейірім мен махаббатқа толы қабылдау сәттері баланың балабақшаға деген сүйіспеншілігін арттырып, күн бойына сергек көңіл күй сыйлайды.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 08.07.04
WhatsApp Image 2025-04-17 at 07.57.01
WhatsApp Image 2025-04-17 at 08.05.00
WhatsApp Image 2025-04-17 at 08.05.11
WhatsApp Image 2025-04-17 at 08.13.47
WhatsApp Image 2025-04-17 at 08.22.54
WhatsApp Image 2025-04-17 at 08.26.09
Дизайн және әзірлеу SemStar