Астана қаласы Сарыарқа ауданы балабақшалары арасындағы «Жұлдызды жол» ақыл-ой олимпиадасы
Астана қаласы Сарыарқа ауданының балабақшалары арасында өткен аудандық «Жұлдызды жол» ақыл-ой олимпиадасы сәтті өтті. Олимпиаданың басты мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және зияткерлік дағдыларын дамыту.
Аталмыш зияткерлік сайысқа №72 «Жанарым» балабақшасының «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Қарасай Иманғали Омарұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орын иеленді. Бұл жетістік оған қалалық кезеңге қатысуға жолдама алуға мүмкіндік берді.
Бүлдіршіннің бұл табысына үлес қосқан «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешілері Әсемгүл Серіковна мен Айман Серікбаевнаға шығармашылық еңбектері мен бала дамуына қосқан зор үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.
Жетістікке бірге жетейік!