АСТАНАДА БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРІ АРАСЫНДА ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ БОЙЫНША БАЙҚАУ ӨТІП ЖАТЫР
Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы МКҚК ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауы өтуде.
Байқауда «Армысың, балақай!» топты таныстыру, «Сен білесің бе?» – жол жүру ережесі, жол белгілері тақырыбына байланысты сұрақ-жауап викторинасы және «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Бағдаршам», «Қауіпсіздік аралы» тақырыбындағы сюжетті-ролдік ойын бөлімдері бойынша мектепалды топ балалары өнер көрсетеді.
№72 «Жанарым» балабақшасының «Інжу» мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндері аудандық байқауына қатысып «Бас жүлде» марапатымен марапатталды. Бүлдіршіндерді осы байқауға дайындаған «Інжу» мектепалды тобының тәрбиешісі Г. М. Мухамеджанова, денешынықтыру нұсқаушысы Ж. А. Абирбекова, музыка жетекшісі А. Ж. Көбелдес педогогтарымызға
алғысымыз шексіз, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!