Астана қаласы Сарыарқа ауданы балабақшалары арасында аудандық «Жұлдызды жол» ақыл-ой олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілетін, тапқырлығы мен зияткерлік дағдыларын дамыту.
Аталған байқауға №72 «Жанарым» балабақшасының «Болашақ» мектепалды даярлық орыс тобының тәрбиеленушісі Нұрмұхамед Батырхан Мейіржанұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. Нәтижесінде, қалалық кезеңге үміткер ретінде жолдама алды.
Бүлдіршінді байқауға дайындаған «Болашақ» мектепалды орыс тобының тәрбиешілері Асель Камидуллаевна және Салтанат Кабылгазыевнаға шығармашылық еңбегі мен балалардың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Жетістікке бірге жетейік!