ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

72 “ЖАНАРЫМ” БАЛБАҚШАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 


“Taza Qazaqstan” экологиялық акциясы аясында өткізілген қалалық сенбілікке белсенді түрде ат салысты. Бұл шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Сенбілікке ұжымның барлық мамандары жұмыла қатысып, қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосты. Олар бақша ауласын қоқыстан тазартып, бақшаның қоршауларын бояды, көгалдандыру жұмыстарына белсене араласты. Бұл — тек бір күндік іс емес, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тұрақты ұстанымның көрінісі.

— Әрбір адам өзі тұрып жатқан мекенін таза ұстауға міндетті. Біздің ұжым қалада ұйымдастырылатын әрбір сенбіліктен қалыс қалмай табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға барынша үлес қосуға асығады.

Мұндай игі істер жас ұрпаққа үлгі болары анық.

WhatsApp Image 2025-04-26 at 18.02.47
WhatsApp Image 2025-04-26 at 18.02.45
28 минутқа жетпей
Дизайн және әзірлеу SemStar