ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

2025 жылдың 1 мамырында елімізде ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтуде. Бұл күн – бейбітшілік пен достықтың, татулық пен бірліктің жарқын символы.

Біздің балабақшада да бұл мереке ерекше көңіл-күймен аталып өтуде. Мекемеде түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттайтын тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар ұлттық киімдер киіп, әртүрлі халықтардың ән-биімен танысып, достық пен татулық туралы тақпақтар айтып, көріністер қойды.

Мақсатымыз – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, құрмет пен достықты сіңіру, әртүрлі этностар арасындағы келісім мен ынтымақтастықтың маңызын түсіндіру.

Бұл – ортақ Отанымыз – Қазақстанның гүлденуіне баршамыздың біріге үлес қосуымыздың жарқын көрінісі.

Бейбітшілік пен бірлік – еліміздің басты байлығы!

WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.02.51
WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.02.46
WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.02.49 (1)
WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.02.49
WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.02.53
WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.03.03
WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.03.10
WhatsApp Image 2025-04-29 at 19.03.13
35 минутқа жетпей
Дизайн және әзірлеу SemStar