ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

«Kids and innovation: Идея. Даму. Креатив» атты республикалық форум өтті

Астана қаласында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Kids and innovation: Идея. Даму. Креатив» атты республикалық форум өтті. Бұл форум – мектепке дейінгі ұйымдардың заманауи талаптарға сай кәсіби дамуына, инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізуге, жаңа идеялар мен тәжірибелермен алмасуға арналған маңызды алаң.
 
Форум аясында өткен негізгі бағыттардың бірі – «Икемді және бейімделген оқыту тәсілдері: әр баланың қажеттіліктеріне сәйкес тәрбие мен білім беру процесін бейімдеу» атты секциялық отырыс болды.
Бұл секцияны модераторлар ретінде:
•Бектурғанова Гүлнар Қанапияновна – №1 «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі;
•Әсел Әділбайқызы – №72 «Жанарым» балабақшасының меңгерушісі жүргізді.
 
Аталған секцияда әр баланың жеке ерекшеліктеріне бейімделген оқыту үлгілері, инклюзия, эмоционалдық даму мен баланың әлеуетін ашуға бағытталған әдістер жан-жақты талқыланды. Инновациялық идеялармен алмасу, тәжірибе бөлісу форумның басты мақсаты ретінде қарастырылды.
 
Форум жұмысына біздің балабақшамыздың да белсенді өкілдері қатысты:
•Инновациялық әдіскер А.Ж. Бегімбетова,
•Психолог А.С. Базарова,
•Тәжірибелі тәрбиешілеріміз А. Ерлановна мен Г. Исабековна,
•Сонымен қатар, музыка жетекшісі К. Сағидоллақызы да қатысып, өз саласына қатысты заманауи әдіс-тәсілдермен танысты.
 
Олар форум барысында ұсынылған озық тәжірибелермен танысып, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жолдарын талқылап, кәсіби шеберліктерін жетілдіруде мол мағлұмат алды.
 
Бұл форум педагогтерге шабыт сыйлап, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа серпін беретін идеялармен толықты.
WhatsApp Image 2025-05-15 at 22.25.44
WhatsApp Image 2025-05-15 at 22.25.45 (1)
WhatsApp Image 2025-05-15 at 22.25.45
WhatsApp Image 2025-05-15 at 22.26.35 (1)
WhatsApp Image 2025-05-15 at 22.28.18
Дизайн және әзірлеу SemStar