Бұл мереке – әрбір ересекке балалық шақты қорғау, әр балаға қауіпсіздік, сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсету – басты жауапкершілік екенін еске салу.
Жаздың алғашқы мерекесіне орай елордада «Астана балалары» атты жалпы тақырыппен әртүрлі форматтағы ондаған іс-шара өткізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап фестивальдер, байқаулар, челлендждер, концерттер, қойылымдар және басқа да қызықты бағдарламалар ұйымдастырылады.