Осыған орай балабақшамызда 10 емхана тіс дәрігерлерімен бірлесіп, мектепке дейінгі балалар арасында тіс гигиенасына арналған түсіндіру және профилактикалық шаралар ұйымдастырылды
Шараның мақсаты – кішкентай балаларды тісті дұрыс тазалауға үйрету, ата-аналар мен тәрбиешілердің назарын ауыз қуысы күтімінің маңыздылығына аудару.
Мамандардың айтуынша:
«Тістің күтімі сәбилік шақтан басталуы тиіс. Алғашқы сүт тістерінің саулығы – тұрақты тістердің болашақта дұрыс шығуының кепілі. Біз балалармен ойын түрінде жұмыс істей отырып, тіс тазалау дағдысын ерте жастан қалыптастыруды көздейміз», – дейді 10 емхананың балалар стоматологы.
Статистикаға сүйенсек, 5 жасқа дейінгі балалардың 70%-дан астамы кариеспен ауырады. Бұл жағдайдың алдын алу – тек дәрігерлердің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.