ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

Құрметті ата-аналар! Төмендегі маңызды тармақтарға назар аударуларыңызды сұраймыз.



1. Қабылдау тәртібі:
Егер балада тиісті екпелер болмаған жағдайда және балабақшада екпе алмаған балалардың үлесі 10%-дан асқан болса, мекеме мұндай баланы қабылдаудан міндетті түрде бас тартуы тиіс.

(Эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін табындық иммунитеттің деңгейі 90%-дан төмен болмауы керек)

2. Қабылдаудан дәлелді бас тарту:

Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаудан бас тартудың нақты себептері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №372 бұйрығымен қатаң түрде реттелген. Мектепке дейінгі ұйым аталған бұйрық талаптарынан тыс шешім қабылдай алмайды.

3. Ішкі тәртіп ережелері:

Мектепке дейінгі ұйым заңнамаға қайшы келмейтін және «Indigo» жүйесіне тиісті түрде тіркелген ішкі тәртіп ережелерін бекітуге құқылы. Бұл ережелер Шарттың ажырамас бөлігі болып есептеледі.

Ата-ана бұл ережелерді сақтауға міндетті және мектепке дейінгі ұйыммен арадағы қарым-қатынаста тек құқықтар ғана емес, міндеттер де бар екенін естен шығармаған жөн. Тараптар – тең құқықты серіктестер.

4. Бас тартуды рәсімдеу мерзімі:

Қабылдаудан дәлелді бас тарту немесе оны қабылдау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні, одан артық емес.

5. Құжаттарды түзету:

Егер ата-ана баланы қабылдау үшін қате құжаттарды жүктеген жағдайда, балабақша «Indigo» жүйесі арқылы өтінімді (шартты) пысықтауға қайта жібереді. Бұл жағдайда қабылдау процесі тоқтатылмайды, деректер түзетіліп, қайта енгізіледі. Мұндай мүмкіндік жүйеде балабақшада да, ата-аналарда да бар.

1
3
22
Дизайн және әзірлеу SemStar