Іс-шараның мақсаты: Ата-аналарға балабақшадағы тәрбие-білім беру үдерісін таныстыру, балалардың даму ортасымен таныстыру, тәрбиешімен ашық қарым-қатынас орнату
2025 жылдың 22 шілде күні "72 Жанарым" балабақшасында жаңа ашылған "Болашақ" және "Көбелек" кіші топтарының ата-аналары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар топтың күнделікті режимімен, ойын, оқу, тынығу орталарымен танысып, тәрбиешілердің жұмыс әдістерін тікелей бақылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, тәрбиешілер тарапынан қолданылатын әдістемелік материалдар мен дамытушы ойын құралдары таныстырылып, әр баланың жеке дамуына ерекше көңіл бөлінетіні айтылды.Ашық есік күні ата-аналар мен педагогтар арасында жылы қарым-қатынас орнатуға, өзара сенім мен әріптестік байланыс орнатуға ықпал етті. Іс-шара соңында ата-аналар тәрбиешілерге өз ризашылықтарын білдіріп, балалардың жайлы ортада тәрбиеленетініне көз жеткізді.№72 «Жанарым» балабақшасы ұжымы алдағы уақытта да ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастырады.
«Бала – болашағымыз, ал баланың жан-жақты дамуы – баршамыздың ортақ міндетіміз»