Балалар ұлы ақынның таңдаулы өлеңдерін және «Қара сөздерінен» қысқа үзінділерді жатқа оқып, Абай атамызға деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін білдірді.
Бұл іс-шараның мақсаты – жас буынға Абай мұрасын танытып, ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру. Балалардың шынайы ықыласы мен жатқа оқыған өлеңдері ұлы тұлғаның шығармашылығының мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді.