ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби іс-шара

 

Бүгін балабақшамызда ұлы ақын, ағартушы, қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шара аясында мектепалды даярлық топтарының қатысуымен Абай кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өлеңдер жинағы, қара сөздері және балаларға арналған басылымдары қойылып, тәрбиеленушілерге Абай мұрасының құндылығы таныстырылды.

Балалар Абай өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп оқып, қазақ әдебиетінің асыл қазыналарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетті. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлы ақынның даналығын, рухани мұрасын насихаттау, туған әдебиетімізге деген қызығушылығын арттыру.

WhatsApp Image 2025-08-10 at 13.29.32
Дизайн және әзірлеу SemStar