2025 жылдың 29 тамыз күні 72 «Жанарым» балабақшасында жаңа оқу жылына арналған алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Кеңесті балабақша меңгерушісі Әсел Әділбайқызы ашты.
Жиын барысында педагогтер жаңа оқу жылында енгізілетін жаңалықтармен және ерекшеліктермен таныстырылды. Атап айтқанда:
-
«Тілге бойлау» жобасы – балалардың тілдік қабілеттерін дамытуға бағытталған;
-
«Жасанды интеллект» жобасы – білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдануға негізделген;
-
«Адал азамат» жобасы – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіруді мақсат етеді.
Кеңес барысында Президентіміздің педагогтер туралы айтқан ойлары бейнеролик арқылы көрсетіліп, педагогтерге ерекше серпін берді.
Сондай-ақ, әдіскерлер сөз сөйлеп, 2025–2026 оқу жылындағы өзгерістер мен жаңартылған бағыттар жайында толық ақпарат ұсынды.