- Басты бет
- Жаңалықтар
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады: цифрлық дәуірдегі өркендеу және әділетті қоғам құру
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады: цифрлық дәуірдегі өркендеу және әділетті қоғам құру
Астана, 2025 жылғы 8 қыркүйек. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауын жариялап, еліміздің «Қазақстан цифр дәуірінде: цифрлық даму арқылы өркендеу және әділетті қоғам құру» бағытын нақтылады. Жолдауда экономикалық тұрақтылықты күшейту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және технологиялық серпінге қол жеткізуге бағытталған бірқатар бастама ұсынылды.
Жолдауда айтылған негізгі қадамдар:
•Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатын болды.
•Алматы маңында жаңа инновациялық қала – «Алатау-сити» бой көтермек.
•Инфляцияны еңсеру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру басты мақсат ретінде белгіленді.
•850 млрд теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылып, оның едәуір бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды.
•Ұлттық банк жанынан Цифрлық активтер қоры құрылып, крипторезервтер жасақталмақ.
•Өңдеу өнеркәсібінде терең өңдеуге басымдық беріліп, өнімнің қосылған құнын өсіруге жағдай жасалады.
Жолдау – еліміздің жаңа цифрлық болашағына бастайтын тарихи қадам. Ұсынылған реформалар технологиялық дамуды жеделдетіп, экономиканың тұрақты өсіміне және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына қызмет етпек.