Бұл күн – әрбір шаңырақтың берекесін, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті дәріптейтін мереке.
Отбасы – қоғамның негізгі іргетасы, ұрпақ тәрбиесінің алтын ұясы. Бақытты отбасы – мемлекетіміздің дамуы мен ел болашағының кепілі.
72 “ Жанарым” балабақшасының ұжымы ата-аналарды, барша қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен береке, сүйіспеншілік пен сыйластық тілейді.