2025 жылғы 20 қыркүйекте еліміздің барлық аймақтарында дәстүрлі жалпы қалалық сенбілік өтті.
Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, көшелерді, аулаларды, саябақтар мен демалыс орындарын тазарту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
Аталған шараға №72 «Жанарым» балабақшасының ұжымы да белсене атсалысып, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.