Конференцияның тақырыбы – «Шекарасыз инклюзия: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін мамандардың пәнаралық ынтымақтастығы: Қазақстан және басқа елдердің тәжірибесі».
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруда. Конференцияға Қазақстан мен шет мемлекеттердің білім беру саласындағы мамандары қатысып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мәселелерін талқылайды.
Басқосуда педагогтар, дефектологтар, логопедтер, психологтар және өзге де сала мамандары тәжірибе алмасып, инклюзивті білім берудің жаңа үлгілері мен тиімді тәжірибелерін ұсынуда.
Конференцияның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына тең мүмкіндік жасау, көпсалалы мамандардың бірлескен жұмысының маңыздылығын арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Бұл шара білім беру жүйесінде инклюзияны жетілдіру бағытында маңызды қадам болмақ.