ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ /
Құрметті ата-аналар!
Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз:
Электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
Балаларға от пен сіріңкемен ойнауға тыйым салыңыз;
Пешті және электр жылытқышты тек жарамды күйде пайдаланыңыз;
Үйден шығарда электр құралдарын өшіріңіз;
Газ плитасын бақылаусыз қалдырмаңыз.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!
БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Құрметті ата-аналар!
Балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алу үшін:
Терезелерге қорғаныш құлыптар мен тор орнатыңыз;
Терезе алдына орындық, төсек, үстел қоймаңыз;
Балаларды терезе маңында жалғыз қалдырмаңыз;
Терезені ашық қалдырмаңыз;
Балаларға терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз.