Бүгін балабақшамыздың «Аққу» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Сарыарқа аудандық “Брейн-ринг” байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталып қайтты!
Байқау барысында бүлдіршіндер жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын дәлелдеді. Командалық жұмыс пен ұйымшылдықтың арқасында тамаша нәтижеге қол жеткізді.
Бұл жетістік – балаларымыздың талпынысы мен жетекшілерінің тынымсыз еңбегінің айғағы.
Жетекшілері : “Аққу” тобының тәрбиешісі Нурбаева Гульвира Исабековнаға, денешынықтыру нұсқаушысы Абирбекова Жанат Абирбековнаға, музыка жетекшісі Төлегенова Камшат Сағидоллақызына алғыс білдіреміз.
Жарайсыңдар, жас жол сақшылары!