Бүгін балабақшамыздың «Аққайың» орыс тобының тәрбиеленушілері Сарыарқа ауданы бойынша өткен “Брейн-ринг” аудандық байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталып қайтты!
Байқау барысында бүлдіршіндер жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын дәлелдеді. Командалық жұмыс пен ұйымшылдықтың арқасында тамаша нәтижеге қол жеткізді.
Бұл жетістік – балаларымыздың талпынысы мен жетекшілерінің тынымсыз еңбегінің айғағы.
Жетекшілері:
«Аққайың» тобының тәрбиешісі Исмаилова Раушан Мұхамеджанқызына,
дене шынықтыру нұсқаушысы Сағидолла Кенжеғали Шәкиұлына,
музыка жетекшісі Көбелдес Айгерім Жанасылқызына алғыс білдіреміз.
Жарайсыңдар, жас жол сақшылары! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңдер!