Астана қаласында өткен «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңінде біздің балабақшаның тәрбиеленушілері жоғары нәтижелер көрсетті.
Атап айтқанда, «Ақбота» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Сатан Музафар жүлделі III орынға ие болды. Тәрбиешісі Абдикаппарова Жұлдызай Нугимановна.
Сонымен қатар, «Аққайың» тобының тәрбиеленушісі Жангылыш Асылай белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Тәрбиешісі Кангожинова Алия Ерлановна.
Жарыс қорытындысы бойынша «Ақбота» тобының тәрбиеленушісі Сатан Музафар қалалық кезеңге жолдама алып, келесі кезеңге өтті.
Бұл жетістіктер бүлдіршіндердің білімге деген қызығушылығы мен жоғары дайындық деңгейін көрсетеді. Балаларымызға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!

