ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

«Дені сау ұрпақ» атты тәрбиелік-спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндіру және дене белсенділігін арттыру.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер түрлі қимылды ойындар мен спорттық эстафеталарға қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен ептіліктерін көрсетті. Сонымен қатар, «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында танымдық ойын ұйымдастырылып, балалар дұрыс тамақтану мен жеке бас гигиенасының маңыздылығы туралы білімдерін толықтырды.

Балалар сергіту жаттығуларын орындап, көтеріңкі көңіл-күйде белсенділік танытты. Іс-шара соңында барлық қатысушылар мадақталып, пайдалы тағамдар ұсынылды.

Аталған іс-шара балалардың денсаулыққа деген жауапкершілігін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

https://www.instagram.com/reel/DW3cesGCPZd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

WhatsApp Image 2026-04-16 at 22.35.49
WhatsApp Image 2026-04-16 at 22.35.50 (1)
WhatsApp Image 2026-04-16 at 22.35.50
WhatsApp Image 2026-04-16 at 22.35.51
Дизайн және әзірлеу SemStar