ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

Эксперименттік алаң жұмысы қорытындыланды

 

Астана қаласында «Эксперименттік алаңдардың үздік тәжірибелері: нәтижелер мен шешімдер» тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Аталған ғылыми-зерттеу алаңы аясында біздің балабақша 2023–2026 оқу жылдары аралығында «Луллия шеңбері арқылы балалардың танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту» тақырыбында жүйелі жұмыс жүргізді.

Жоба барысында педагогтар Луллия шеңбері технологиясын тиімді қолдана отырып, тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін, тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын және қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізді. Инновациялық тәсілдер балалардың қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді.

Эксперименттік алаң жұмысының нәтижесінде әдістемелік қор жинақталып, тиімді тәжірибелер таратылды. Жоба өз мәресіне жетіп, бүгінгі күні ресми түрде қорытындыланды. Қорытынды жиында қол жеткізілген нәтижелер сараланып, алдағы уақытта тәжірибені кеңінен енгізу жолдары талқыланды.

WhatsApp Image 2026-04-29 at 20.51.45
WhatsApp Image 2026-04-29 at 20.51.43
WhatsApp Image 2026-04-29 at 20.51.44 (1)
WhatsApp Image 2026-04-29 at 20.51.44
WhatsApp Image 2026-04-29 at 20.51.46
Дизайн және әзірлеу SemStar