Мектепке дейінгі ұйым туралы ақпарат
Мекеме атауы: Астана қаласы әкімдігінің №72 «Жанарым» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Заңгерлік мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Ш.Қосшығұлұлы көшесі 13/3 үй
Телефон/факс: 8(7172)90-51-58, 90-51-57
Электрондық мекен-жайы: 72sadd@mail.ru
Құрылтайшы: «Астана қаласының әкімшілігі» ММ
Басқару органы: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ
Қай жылдан бастап құрылған – 25.06.2013 жылы
Жоба қуаттылығы: 278 орын
Басқарудың коллегиялық мүшелері педагогикалық кеңес және ата-аналар комитеті болып табылады.
Еңбек қатынасы ұжымдық келісім-шартқа сәйкес жүзеге асады.
Балаларды мекемеге қабылдау тәртібі: 2 жастан — 6 жасқа дейін.
Мекеменің жұмыс уақыты: аптасына 5 күндік жұмыс, педагогикалық қызметкерлерге аптасына 24 сағат, шаруашылық жұмыскерлеріне аптасына 40 сағат.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің ұзақтығы: мектепалды даярлық топтарда 15 — 30 минут басқа топтар күні бойы.
Топтарда оқу қызметінің басталуы – 09.00.
Мектепке дейінгі мекеме Жарғы бекітілген негізінде жұмыс атқарады. Қазіргі таңда балабақшада 12 топ қызмет жасайды, олардың ішінде – 9 топ қазақ тілінде, 3 топ орыс тілінде тәрбие білім алады.
Меңгеруші: Әсел Әділбайқызы
Ғимарат екі қабаттан тұрады. Балабақшада баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Топтары таза, кең, жарық, ойыншықтары мол. Барлық топтарда пәндік-дамытушы орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, балалардың жастарына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылған. Жоғары дәрежедегі медициналық кабинеттер қызмет көрсетеді: егу, емделу бөлмелері. Екінші қабатта арнайы ұйымдастырылған баланың дене бітімі мен психикасын қолайлы сезінуін қамтамасыз ететін, сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру үшін дене тәрбие мен музыка залы қызмет көрсетеді. Әр топтың өз серуендейтін алаңы (учаскісі) бар, мұнда әрбір жас ерекшелігі сәйкес ойын құрал-жабдықтарымен қамтамыз етілген. Арнайы ойын-сауық өткізу үшін, жазғы уақыт аралығында балалармен қимыл ойындар мен дене жаттығуларын ұйымдастыруды көздейтін спорттық алаңы бар.
Оқу жылында балабақша оқу – тәрбие іс-әрекетін мемлекеттік құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып барлық топтар «ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Балабақша мекемесінде: әдіскер, педагог-психолог, музыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, жүзу нұсқаушысы, қазақ тілі мұғалімі, логопед, мейірбике, диетмейірбике және т.б. қызметкерлер жұмыс жасап, өздеріне тиесілі қызмет түрлерін көрсетеді. Балабақшада бала жасына сай жеке арнайы жабдықталған ойын бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, қабылдау бөлмесі, дәрігерлік қарау, оқшаулану бөлмесі, асхана, кір жуу бөлмесі, қойма бөлмелері бар. Балалар 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген және бір мезгіл жемістер мен шырындар беріледі. Ас мәзірі жыл мезгілдеріне байланысты құрылған.Тамақтану процесі бойынша әкелінген тағам түрлерінің сертификаттары әрдайым тексеріліп отырады. Ай сайынғы және күнделікті ас мәзірі топтарда жаңартылып ата-аналар назарына ұсынылып отырылады. Тамақтану процесіндегі мәдени-гигиеналық машықтар, тамақ нормалары тексерістен өтеді.
№72 «Жанарым» балабақшасы мемлекеттік коммуналды қазыналы кәсіпорның негізгі бағыты: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың дене шынықтыру, интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттерін дамыту.