1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тармағына, ҚР БҒМ 27.07.2017 ж. № 355 «Қамқоршылық кеңес қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту және оны сайлау тәртібі туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
1.2. «№ 72 «Жанарым» балабақшасы» МКҚК Қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) мектепке дейінгі ұйымдарды (бұдан әрі – МДҰ) алқалық басқару нысандарының бірі болып табылады.
1.3. Қамқоршылық кеңес МДҰ Жарғысының және осы Ереженің негізінде заңды тұлға мәртебесінсіз әрекет етеді.
1.4. Қамқоршылық кеңес
- тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ МДҰ шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
- Жарғыға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
- МДҰ дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- МДҰ-ға қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;
- МДҰ бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
- МДҰ жұмысында Қамқоршылық кеңес анықтаған кемшіліктерді жою туралы білім беру саласындағы ЖАО-ға ұсыныстар енгізеді;
- МДҰ қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
- мектепке дейінгі ұйымның қызметімен, тәрбиеленушілерге берілген жағдайлармен танысады, олармен психологтың қатысуымен әңгіме өткізеді.
1.5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2. Құрамы
2.1. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
- жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
- ата-аналар комитеті ұсынған бір ата-ана немесе балабақша тәрбиеленушілерінің заңды өкілі;
- қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
2.2. Қамқоршылық кеңес құрылатын балабақша меңгерушісі оның отырыстарына қатысады.
2.3. Қамқоршылық кеңестің құрамына пп-да көрсетілген адамдар кірмейді. 2) және 3) ҚР «Білім туралы»Заңының 51-бабы 1-тармағы.
2.4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болып табылады және бір-бірімен және меңгерушімен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде тоғыз адамды құрайды.
2.5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері балабақша қызметкерлерінің штатына кірмейді. Қамқоршылық кеңес құрамындағы Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын мүшелердің саны үш адамнан аспайды.
3. Сайлау тәртібі
3.1. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
3.2.Мемлекеттік органдардың өкілдерін Қамқоршылық кеңестің төрағасы сайламайды және оның міндеттерін атқармайды.
3.3 Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
3.4.Төрағаның орынбасары мен оның хатшысын Қамқоршылық кеңес сайлайды.
3.5. Қамқоршылық кеңестің хатшысы Білім беру ұйымы қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды. Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
4. Өкілеттіктер
4.1 білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
4.2 білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
4.3 білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4.4 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4.5 білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;
4.6 білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4.7 тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
4.8 білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
4.9 білім беру ұйымының қызметімен, Білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне ұсынылған жағдайлармен танысады, олармен білім беру ұйымының психологының қатысуымен әңгіме өткізеді;
5. Жұмысты ұйымдастыру тәртібі
5.1. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің бастамасы бойынша шақырады.
5.2. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды және қамқоршылық кеңес жұмыс істейтін қамқоршылық кеңес пен білім беру ұйымының мүшелеріне қажетті материалдармен бірге отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.
5.3. Қамқоршылық кеңестің отырысын өткізу туралы хабарлама алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі ол өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің хатшысына өзінің қатысқаны немесе қатыспағаны туралы хабарлайды.
5.4. Председатель Попечительского совета созывает заседание Попечительского совета не позднее пяти рабочих дней со дня поступления предложения о созыве.
5.5. Заседания Попечительского совета проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.
5.6 Каждый член Попечительского совета организации образования имеет при голосовании один голос без права его передачи.
5.7 Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
6. Іс қағаздарын жүргізу
6.1. Қамқоршылық Кеңестің шешімін хатшы хаттамаға ресімдейді, оған отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері қол қоюға тиіс.
6.2. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
6.3. Құжаттама Қамқоршылық кеңестің төрағасында 1 жыл сақталады.