АТА-АНАЛАРҒА ЖАРНАМА
Балабақшаға келу тәртібі және ережесі
Балабақша жұмыс уақыты бескүндік, сағат 07-30 – 18-00 (КЕЗЕКШІ ТОП ЖОҚ)
Балаларды балабақшаға қабылдау 07-30 дан 08-20 дейін (Жарғы негізінде)
- Балабақшаға баланы әкелу және алып кету балалардың заңды өкілдерінің міндеті!
- Ата-ана баланы тәрбиешіге тікелей тапсыру және оның хал - жағдайы туралы қысқаша мәлімет беру міндетті!
- Кәмелетке толмаған, таныс емес ересек, алкогольді жағдайдағы адамнан баланы қабылдау және үйіне қайтару жүргізілмейді!
- Ата-анаға баланың балабақшаға кез келген азық-түлік өнімдері, снектер, тәттілер және сағыздар, ойыншықтар, артық заттар алып келуге тыйым салынады!
- Ата-ана таңертеңгі қабылдауға баланы кешіктірмей алып келуге міндетті! (Күн режиміне кедергі келтірілмеу қажет!)
- Мектепке дейінгі ұйым Ата-ана Келісім шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы Ата-ананы 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын Шартты бұзуға құқылы!
- Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы мен келісім шартты сақтау Ата-ананың міндеті болып табылады!
- Әрбір топ жылдық оқу - тәрбие жұмысының жоспары негізінде бала жасына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасайды.
- Тәрбиешіге баланы фотоға, видеоға түсіріп ата- аналарға жіберуге тыйым салынады, ол тәрбиешінің міндетіне кірмейді!
- Тәрбиеші жұмысынан тыс уақытта, демалыс кезінде әлеуметтік желіде жауап беруге міндетті емес!
- Тәрбиешілер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындаған кезде оны балағаттап, жеке басына қатысты дөрекі сөздер мен іс-әрекеттер қолдануына қатаң тыйым салынады және ата-ана педагогтерге және қызметкерлерге құрмет көрсетуі міндетті!
- Мектепке дейінгі ұйым дайын тағамдардың калориялығын, салмағын, перспективалық ас мәзірін ауыстыру жиілігін, мектепке дейінгі ұйымдарда қолдануға тыйым салынған азық-түлік пен тағамдардың тізімін сақтай отырып, сондай-ақ азық-түлік өнімдеріне, дайын тағамдарға және оларды жеткізудің, дайындаудың, сақтау мен кәдеге жаратудың технологиялық процесін қамтамасыз етуге қатысты санитариялық нормаларға және қолданыстағы заңнаманың басқа да талаптарына сәйкес баланы тамақпен қамтамасыз етеді.
- Мектепке дейінгі ұйымда тамақтану АҚЫЛЫ және мына тәртіпке сәйкес тамақ қабылдау санын қамтамасыз етеді: таңғы ас, екінші таңғы ас, түскі ас, бесіндік.
- Мектепке дейінгі ұйым баланың аллергиялық немесе басқа қарсы көрсетілімдері болған жағдайда, бала үшін жеке ас мәзірін жасаудан бас тартуға құқылы.
- Балабақшада тамақтану ақысы 20800 (Жиырма мың сегіз жүз) теңгені құрайды.
- Мектепке дейінгі ұйымның қызметтері үшін ақыны уақтылы төлеу міндетті!
- Мектепке дейінгі ұйымның қызметтері үшін ата-ананың төлемі тарифтік саясатқа сәйкес белгіленеді және мынадай тәртіппен енгізіледі: ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін!
- Басқа тәрбиеленушілердің арасында тұмау немесе жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін бұл аурулардың белгілері бар баланы Мектепке дейінгі ұйымға әкелмеу!
- Мектепке дейінгі ұйымға себепсіз бармауға жол бермеуге. Бала сырқаттанып қалған жағдайда, емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш күннен астам уақыт болмаған жағдайда, Санитариялық қағидалардың 134-тармағына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама әкелу!
- Балабақша тәрбиешілері мен медбике ата-ананың үйден әкелген дәрі-дәрмектерін балаға беруге қатаң тыйым салынады!
- Балабақшаға келетін баланың тазалығына (тері, тырнақ, шаш тазалығы) жауапкершілікті ата-анасы алады!
- Егер тәрбиеші балабақшада бала денсаулығының нашарлағанын сезсе, онда балабақша медбикесі алғашқы көмек көрсетеді, ата - анасын шақырады, өте қажет болған жағдайда «жедел жәрдем» шақырылады!
- Отбасылық жағдайға байланысты балабақшаға келмеу. Айына 3 (үш) күннен артық емес!
- Ата-ананың демалысына және баланы сауықтыруға байланысты балабақшаға келмеу. Жылына 2 (екі) айдан артық емес. Ата-ананың өтінішімен актіленеді.
- Баланың науқастануына байланысты балабақшаға келмеу. Ұзақтығы баланың науқас болуының нақты кезеңімен анықталады. Уәкілетті денсаулық сақтау ұйымымен берілген құжатпен актіленеді!
- Санаториялық (оңалту) сауықтыруға байланысты балабақшаға келмеу. Ұзақтығы уәкілетті денсаулық сақтау ұйымымен берілген жолдамамен актіленеді!
Балабақшаға келердегі дайындық жұмыстары:
- Баланың басты гигиеналық дағдыларға қажетті заттарды әкелу (қол орамал, тарақ, қыз балалардың шашын жинайтын қысқыштар т.с.с)
- Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарын үйрету: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, қасықты ұстау, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, түбекке (горшок) сұрану. Памперстан, емізіктен, бутылкадан айырып келу міндетті!
Балабақшадағы баланың киімі