ҚР, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қошығұлұлы көшесі, 13/3
+7 (7172) 90-51-58, 90-51-56
Басты бет Жаңалықтар Топтар Аттестация Галерея
Меню

Хабарландыру бос орынға

Астана қаласы әкімдігінің «№72 «Жанарым» балабақшасы МКҚК
бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ


Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы 13/3 ғимаратында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «№72 «Жанарым» балабақшасы» МКҚК-нына
1,125 жүктемемен тәрбиеші 2 (екі) бос орын лауазымына конкурс жарияланады!

электронды пошта: 72sadd@mail.ru
телефон номері: +7-7172-90-51-58

1. Негізгі функционалдық міндеттері


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері:
— балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
— мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
— режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
— балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
— дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
— қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
— мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
— мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;
— мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
— отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
— мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісінің білуге тиіс:
— Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
— мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
— мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
— педагогикалық этиканың нормалары;
— психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;
— мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;
— еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
— және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін — 5 жыл;
— және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог — сарапшы үшін — кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог»:
— мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;
— жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;
— перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
— тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
— ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;
— әдістемелік жұмысқа қатысу;
— балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;
— білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
— кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) «педагог-модератор»:
— «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
— балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
— мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
— перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
— инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
— аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
— өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
— білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) «педагог-сарапшы»:
— педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
— тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
— перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;
— балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу;
— балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
— балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
— әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
— өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
— ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;
— тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
4) «педагог-зерттеуші»:
— «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
— аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
— балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
— балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;
— тәлімгерлікті қолдану;
— көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану;
— мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;
— аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
— сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
— облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
5) «педагог-шебер»:
— «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
— облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу;
— оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;
— балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;
— РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;
— жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
— тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.
1.1. еңбекке ақы төлеу мөлшері – 124 500 тг (бір жүз жиырма төрт мың бес жүз теңге), (орта есеппен біліктілік талаптарына сәйкес өзгереді);
1.2. құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
1.3. Көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
1.4. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Өтініш үлгісі


Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін лауазымдарға
тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына
1-қосымша


Нысан
_____________________
Конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын (қажетінің астын сызыңыз)
______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы, Оқыту кезеңі Диплом бойынша мамандық Жүктеу
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату
қағидаларына 2-қосымша


Нысан
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________
(Т.Ә.А. (болған жағдайда))















Өлшемшарттар Растайтын құжатБалл саны
(1-ден 20-ға дейін)
1.Білім деңгейіБілімі туралы дипломТехникалық және кәсіптік = 1
Жоғары күндізгі = 5
жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
жоғары білім туралы үздік диплом = 7
2.Ғылыми / академиялық дәрежесіБілімі туралы дипломМагистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
PHD-докторы = 10
Ғылым докторы = 10
Ғылым кандидаты = 10
 
 
 
Ұлттық біліктілік тестілеуіСертификат«Педагог» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60-қа дейін = 0 балл
60-тан 70-ке дейін = 2 балл
70-тен 80-ге дейін = 5 балл
80-нен 90-ға дейін = 6 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40-қа дейін = 0 балл
40-тан 50-ге дейін = 1 балл
50-ден 60-қа дейін = 2 балл
60-тан 70-ке дейін = 3 балл
«Педагог-модератор» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін = 0 балл
60-тан 70 балға дейін = 3 балл
70-тен 80 балға дейін=6 балл
80-ден 90 балға дейін=7 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=2 балл
50-ден 60 балға дейін=3 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
«Педагог-сарапшы» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
70-тен 80 балға дейін=7 балл
80-нен 90 балға дейін=8 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=3 балл
50-ден 60 балға дейін=4 балл
60-тан 70 балға дейін=5 балл
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін = 0 балл
60-тан 70 балға дейін — 5 балл
70-тен 80 балға дейін = 8 балл
80-нен 90 балға дейін = 9 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін = 0 балл
40 — тан 50 балға дейін = 4 балл
50-ден 60 балға дейін = 5 балл
60-тан 70 балға дейін = 6 балл
«Педагог-шебер» біліктілік санатымен — 10 балл
3.Біліктілігі/Санаты.Куәлік, өзге де құжат2 санат-1 балл
1 санат — 2 балл
Жоғары санатты — 3 балл
Педагог-модератор — 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл
4.Педагогикалық қызмет өтіліеңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат1 жылдан 3 жылға дейін = 1
3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
5 жылдан 10 жылға дейін = 2
10 жылдан және одан артық = 3
5.Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесіеңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжатәдіскер= 1 балл
директор орынбасары= 3 балл
директор = 5 балл
6.Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшінБілім туралы дипломға қосымшаПедагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
«өте жақсы» = 1 балл
«жақсы» = 0,5 балл
7.Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) ХатОң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
Ұсыныс хат болмаған жағдайда — минус 3 балл
Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл
8.Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері — білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
— мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
— мемлекеттік награда
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері — 0,5 балл
ғылыми жобалар — 1 балл
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері — 3 балл
«Үздік педагог» конкурсының қатысушысы — 1 балл
«Үздік педагог» конкурсының жүлдегері — 5 балл
медаль «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» — 10
9.Әдістемелік қызмет — авторлық жұмыстар және жарияланымдарҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы — 5 балл
РОӘК — 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
БҒССҚЕК, Scopus — 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы
10Қоғамдық-педагогикалық қызмет — көшбасшылық
 
— көптілділікті жүзеге асыру
тәлімгер — 0,5 балл
ӘБ жетекшілігі -1 балл
кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы — 1 балл
2 тілде оқыту, орыс/қазақ — 2 балл
Шетел/орыс, шетел/қазақ — 3 балл
3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) — 5 балл
11Курстық дайындық — пәндік дайындық сертификаттары;
 
— цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF;
Goethe Zertifikat, «Python-да бағдарламалау негіздері», «Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту» бағдарламалары бойынша оқыту
НЗМ ПШО, «Өрлеу» курстары
 
— 0,5 балл
курстар — 0,5 балл (әрқайсысы жеке)
Барлығы:Максималды балл – 83

58 минутқа жетпей
Дизайн және әзірлеу SemStar