Астана қаласы әкімдігінің «№72 «Жанарым» балабақшасы МКҚК
бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы 13/3 ғимаратында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «№72 «Жанарым» балабақшасы» МКҚК-нына 1,0 жүктемемен музыкалық жетекшісі 1 (бір) бос орын лауазымына конкурс жарияланады!
электронды пошта: 72sadd@mail.ru
телефон номері: +7-7172-90-51-58
1. Негізгі функционалдық міндеттері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі лауазымдық міндеттері:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
- музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
- балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
- педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
- балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
- ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;
- еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
- және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін - 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін - 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог»: біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құруы, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;
2) «педагог-модератор»: «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
- тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;
- музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен қолдану;
- МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу;
- педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;
- ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымдарының ішіндегі іс-шараларға қатысу;
3) «педагог-сарапшы»: «педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
- мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістерін, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білу;
- баланың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысу;
4) «педагог-зерттеуші»: «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
- мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыру, оларға балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістерін үйрету;
- кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;
5) «педагог-шебер»: «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
- балалардың музыкалық дамуының өзіндік әдістері бар;
- республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;
- облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
1.1. еңбекке ақы төлеу мөлшері – 117 000 тг (бір жүз он жеті мың теңге), (орта есеппен біліктілік талаптарына сәйкес өзгереді);
1.2. құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
1.3. Көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) - 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы - 720 x 480.
1.4. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.